7 Мамыр 12:51

Билік карантин талаптарын жұмсартты

Фото:

Бельгияда сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін белгіленген федералды коменданттық сағат тоқтатылды.

Алматы, NEGE. Бельгия тұрғындарының жүріп-тұруын шектеу шаралары 2020 жылғы қазан айында коронавирус пандемиясының «екінші толқыны» кезеңінде енгізілген болатын. Бельгияда вакцинация қарқыны артуына байланысты ел билігі карантин шараларын біртіндеп жұмсартады. Фландрия мен Валлонияда азаматтардың жүріп-тұруына қойылған шектеу шарасы 7 мамырда түн ортасында, яғни бір тәулікке ерте аяқталды.

Ел астанасы Брюссель аймағындағы коменданттық сағат 8 мамырда бітеді. Сондай-ақ, Бельгия астанасында кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейін ішімдік ішуге тыйым салынады. Алайда 8 мамырдан бастап жергілікті кафелер мен мейрамханалардағы «жазғы террасалардың» жұмысына рұқсат етілді. Олар келушілерді тек ашық ауада қабылдай алады.

Тегтер: