21 Желтоқсан 09:49

Бастауыш сыныптарына сабақ болмайды

Фото:

Елорда мектептерінде бастауыш сыныптарға сабақ болмайды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бүгін бірнеше өңірде ауа райы бұзылады. Осы себепті елорда мектептерінде бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда да тұман түседі. Ақмола, Қарағанды облыстарында бұрқасын тұрып, жел екпіні 28 метр секундқа дейін жетуі мүмкін. Ал Маңғыстау мен Жамбыл аймағын тұман құрсап, көктайғақ болады.

Тегтер: