27 Мамыр 14:19

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Фото:

Ashyq қосымшасынан тағы да ақаулар шықты. Бұл туралы қызметтің Telegram-арнасында мәлім болды. 

Алматы, NEGE. "Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз", - делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.

Сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келгені туралы хабарлама жарияланды. Алайда кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр. 

Тегтер: