20 Мамыр 15:15

Алматыда қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзартылды

Фото:

Қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады

Алматы, NEGE. «Қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылады. Ертеңнен бастап кешкі сағат 21:00-ге дейін жүреді. Бұл ретте жолаушылар маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардан аспауы тиіс», деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Егер отыратын орын болмаса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90%-ы жолға шықты. Сонымен қатар, санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, қала маңы бағдарларының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.

Тегтер: