1 Мамыр 12:26

Алматы тағы да су астында қалды

Фото:

Алматыда кеше, 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні нөсер жауын жауып, қаланың кейбір көшесі мен көпір астын тағы да су басты, салдарынан адамдар мен көлік жүрісіне кедергі болды.

Алматы.NEGE. Желі қолданушылары 1 мамыр күні таңертең қала жолдарында не болып жатқанын видеоға түсіріп, жариялап жатыр. Таңғы сағат 6.00-де әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы жолдың туннель бөлігі су астында қалды.

Әкімдік мәліметінше, бұл жерде көпір астында электр қуатының болмауына байланысты сорғы сөніп, су жиналған.

"Қазіргі уақытта бұл жерде ауданның коммуналдық қызметтері ("Алматы тазалық"," Алматы су","109 құтқару қызметі"), екі арнайы техника мен алты мотор сорғысы жұмыс істеп жатыр. Сорғы станциясы да қосылды", - деді қалалық билік өкілдері.

Сонымен қатар, қала тұрғындары Алматының оңтүстік бөлігіндегі таулы аймақта түсірілген видеоларды жариялады. Куәгерлердің айтуынша, нөсер жаңбырдың салдарынан бұл аудандарда көшкін қаупі туындауы мүмкін.

Тегтер: