27 Мамыр 13:20

Алматы облысында карантиндік режим жеңілдетілді

Фото:

Алматы облысында карантин режимі жеңілдетіліп, өндіріс орындары, қонақүйлер жұмыс істей бастады. 

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, ұлттық құрама дайындалатын спорттық мекемелер 50 адамға дейінгі стадиондар, коррекциялық орталықтар да ашылды. Бірақ өңірдегі үш әкімшілік аймақта шектеу шаралары алынбады.

Талдықорғанда карантиндік шектеулер алынбады. Өйткені облыс орталығында індет жұқтырғандардың көрсеткіші бір тәулік ішінде 27%-ке өскен. Сөйтіп, сырқаттанғандар саны 90 адамнан асып отыр. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты шаһарда қауіпсіздік талаптары сол күйінде сақталған. Яғни, мынандай санитарлық бекеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп жатыр. «Олардың санитарлық талапты сақтауын арнайы құрылған жұмыс тобы бақылайтын болады», - деді өңірдің бас санитарлық дәрігері.

Талдықорғаннан бөлек, Кеген, Талғар аудандарында да карантиндік режим жеңілдетілмеді. Соған сәйкес аталған аймақтардағы және Алматы қаласы мен облыстың өзге өңірлермен шектесетін жерінде тұрған санитарлық бекеттер жұмыс істеуін жалғастыра береді. Жалпы өңірде індет тарауы тоқтап, эпедемиологиялық жағдай тұрақталса, 15 маусымда карантиндік режимді тағы да жеңілдету қарастырылып отыр. Сол кезде тамақтану орындары мен балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері ашылмақ. Алайда, сала мамандары тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын барынша сақтауға шақырып отыр. Ауырып емделгенше, сақтанып ауырмаудың жолын қарастырған жөн екенін ескертеді.

Тегтер: