27 Сәуір 09:27

Әйелдер колониясында коронавирус анықталды

Фото:

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан азаматшадан коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE. Сотталған әйелдің аяғы ауыр болған деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Инфекция анықталғанға дейін жазасын өтеуші түзету мекемесінің медициналық бөлімінде өзге де науқастардан оқшауланған болатын. Азаматшаның дене қызуы, жөтел және басқа да коронавирусқа тән белгілері байқалмаған. Босануға дайындалып жүріп сотталушы екі рет Іле аудандық орталық ауруханасына барғаны анықталды. Қазіргі таңда сотталушымен қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі жасалып, инфекциялық изоляторға жатқызылды. Колония қызметкерлері мен басқа да сотталғандар коронавирусқа тексеріліп жатыр. Түзету мекемесі дезинфекцияланып, залалсызданыруда деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінде.

 

Тегтер: