14 Маусым 11:56

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның аяғы ауыр болған

Фото:

«Семей орманы» резерватында пайда болған алапат өрттен қаза болған жалғыз әйел орманшы – Мейрамгүл Жиенбаеваның артында бір ұл, бір қызы қалды. Бұған қоса орманшының аяғы ауыр екені белгілі болды. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы журналист Самал Ибраева мәлім етті. 

«Қаза болған Мейрамгүлдің аяғы ауыр болған екен… Үйде кішкентай балалары қалған. Иманды болсын…», — дейді Самал Ибраева.

Көпшілік бейбіт күнде шейіт болған әйелдің аруағына құран бағыштап, жақындарына қайғыра көңіл айтқан.

Тегтер: