USD
USD
USD

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. – Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады.

Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды.

Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді.

Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қазір оқып жатыр

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Депутат

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Жарықсыз қалды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби