21 Желтоқсан 15:09

40 жастан кейін әйел қайтсе сұлуланып, жасара түседі?

Фото:
Мамандардың көпшілігі жұбайлардың бірге ұйықтауы – бір-біріне деген сенімділіктің, сүйіспеншіліктің көрінісі деп санайды. Сондай-ақ, сексологтар ерлі-зайыптылардың бөлек жатуы жыныстық қатынас жиілігінің төмендеуіне және өзара түсініспеушіліктің туындауына әкеп соғады дейді.

Бұл туралы  syrlasu.kz хабарлады.

Алматы. NEGE. Әрбір әйел жан-жарының құшағында жатып ұйықтағанды қалайды. Осылайша, бірге ұйықтайтын қос ғашықтың арасында эмоционалдық байланыс орнап, қарым-қатынас нығая түседі екен.

Биоэнергетика сарапшыларының айтуынша, жұбайлардың біреуі ауырып қалса, екіншісі оған ұйқы кезінде қуат беріп, емдеп ала алады екен. Дейтұрғанмен, мұндай құбылыс бірін-бірі шын сүйетін, үйлесімділікте өмір сүретін жұптардың арасында ғана болуы мүмкін.

Зарина Тайыр, сексолог:

- Жұбайлар бір бағытта жүруі тиіс. Сонымен қатар, физикалық тұрғыдан белсенді болғаны абзал. Яғни, спортпен шұғылданып, төсек қатынасы туралы да ұмытпаған жөн. Қос ғашық бір-біріне жақын бола түсуі үшін жыныстық белсенділіктің болғаны маңызды.

Ғылыми тұрғыдан алсақ, ер адам денсаулығына дұрыс күтім жасамаса, 30 жастан асқан кезде күші сарқыла бастайды. Ал нәзікжандылардың, керісінше, 40 жастан кейін әйелдік болмысы арта бастайды. Әдетте, біз арулар, үй шаруашылығы мен бала-шағаның қамымен жүріп, өз-өзімізге қарайлауды ұмытып кетеміз. Алайда әйел адам үнемі өзін дамытып отыруы керек. Тіпті, 40 жаста әрдайым күйеуінің жанынан табылып, бір төсекте жатқан әйел одан әрі сұлуланып, жасара түседі. Сол себепті ерлі-зайыптылар бір-біріне демеу болып, отбасы беріктігі үшін бірге әрекет етуі қажет.

Тегтер: