19 Мамыр 10:34

300 тонна картоп рәсуа болды

Фото:

 Шығыстағы Шемонайха ауданында қыстай сақталған 300 тонна тұқымдық картоп рәсуа болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Кәсіпкердің айтуынша, алдын ала келісімшартқа сәйкес, өнімді жылда наурыз айының соңына қарай оңтүстіктегі шаруалар сатып әкететін. Биыл төтенше жағдай жарияланып, карантиннің енгізілуі салдарынан  сатып алушы тарап  бұл жаққа жете алмай қалған. Оңтүстіктегі тасқын да кедергі келтірді. Сөйтіп, жоғары сапалы тұқымдық картоп қоймада қалып қойған. Екі айдың ішінде әбден өсіп-өніп, енді шіріп жатыр. Кәсіпкер іліккенін іріктеп, жарамдысы қалса жергілікті жұртқа сатып амалдамақ. Алайда сұраныс аз. Шығын көлемі шамамен 13-15 миллион теңге.

Тегтер: