18 Мамыр 17:45

19-21 мамыр аралығында жаңбыр және күшті жел болуы мүмкін

Фото:
19-21 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының өтуімен және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде жоғарылайды», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Тегтер: