20 Қаңтар 19:56

Алматы мәйітханасынан ұрланған мүрделердің жеке басы анықталды

Фото:

Алматы мәйітханасынан денелері зерттелмей әкетілген мүрделердің жеке басы анықталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Алматы, NEGE. «Алматы қалалық Полиция департаменті мәселе денелері зерттелмей әкетілген мәйіттердің жерленген орындарының табылғаны туралы болып отырғанын хабарлайды. Олардың жеке басы анықталды. Сот-медициналық сараптамалар ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда содырлар жерленген жасырын зират анықталды.

Тегтер: