Жақсылық Омарға үкім шықты

Бүгін Өскемен қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім оқылды.

Жақсылық Омар/Instagram

Астана, NEGE. Сот оны алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазды YK-news.kz.

Сондай-ақ бұрынғы шенеунікке өмір бойына лауазымды мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, Toyota автокөлігі тәркіленді.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Еске салсақ, 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы – аса ірі мөлшерде алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталды.

Экс-әкім сотта кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушылары сотта бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ туыстарының айыппұл төлеуге қажетті соманы жинап қойғанын айтты.

Бұл ретте прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы жеңілдететін мән-жайлар ретінде Жақсылық Омардың бұрын сотталмағанын және жеті бала тәрбиелеп отырғанын ескеруді сұрады. Ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметші антын бұзғаны көрсетлді.

Қазір оқып жатыр

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Қазақстанда медианалық жалақы 340 мың теңге болды

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Ақпараттық технологиялар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «цифрлық көпірге» айналуы мүмкін