СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес адам ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен 19 бен 24 жас аралығындағы бес облыс тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол төрт адамның әрекетін үйлестіріп отырған.

Күдіктілер өз кезегінде қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Бұл фактілер бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.

— Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әльнұр Ахмедьяров.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды