Щучинсктегі жарылыстан кейін ауруханаға түскен тағы бір адам көз жұмды

Ақпаратты Бурабай аудандық әкімдігі растады.

freepik.com

Астана, NEGE. «Центр плова» дәмханасындағы жарылыстан зардап шеккен ер адам аудандық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан.

«Өкінішке қарай, ер адам кеше қайтыс болды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Еске салсақ, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті, оның ішінде 5 адам оқиға орнында көз жұмды.

Бұған дейін Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек ауруханаға түскен 13 адамның сегізінің жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды