USD
USD
USD

Дәмханадағы жарылыстан кейін Щучинскіде қылмыстық іс қозғалды

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстың мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.

.
Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Астана, NEGE. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт шығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды. Барлығы 28 адам зардап шекті: олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды», – делінген хабарламада

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде отқа оранған дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны сыртқа шығарылып, ғимарат ішінде қайталама жарылыстардың алдын алуға септігін тигізді.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық