USD
USD
USD

Щучинсктегі жарылыс: науқастардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан кейін ауруханаға түскен 13 адамның сегізінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Науқас пән құтқарушылар
Фото: ТЖД

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлады.

Оның айтуынша, жарылыстан зардап шеккен төрт адам «Авиценна Бурабай» ЖШС ауруханасына жатқызылған. Қалғандары облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер ондағы науқастардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

«Мұнда тағы төрт науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Оның екеуінің жағдайы аса ауыр.

Оқиғадан зардап шеккен барлық адамға тәулік бойы көмек көрсетілуде. Барлық қажетті шығын материалдары, дәрі-дәрмектер, препараттар және керек-жарақтар бар, бәрі жеткілікті мөлшерде», – дейді басқарма басшысы.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Астанадан анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар шақыртылған. Олар қазіргі уақытта гемофильтрация процедурасын жүргізіп жатыр

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті, оның ішінде 5 адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханада көз жұмды. 

Қазір оқып жатыр

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев

Санжар Боқаевты алғашқы сот отырысы алдында Алматыдан Астанаға алып кеткен

Санжар Боқаев

Баланы молда сүндеттегіні дұрыс емес – уролог

Азамат Сандыбайұлы

Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

айыппұл салынған компания