16 августа 2023 г. 13:33

Шекара қызметі Серік Күдебаевтың шекарадан қалай оңай өтіп кеткенін түсіндірді

Фото:

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтың шекара бекетінен тыс аймақтағы қоршаудың астынан өз бетінше өтіп кеткенін айтты. Бұл жағдайды қалай түсіндіресіздер? Сонда қоршаудың астынан оңай өтіп жүре беруге бола ма?

NEGE тілшісі осы сауалдарды Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҰҚК ШҚ шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Серік Ахметқалиевке қойды. 

«Барлықтарыңызға мәлім Қазақстан территориясы бойынша Дүниежүзінде 9-орын алады. Шекарамыздың ұзындығы 15 мың шақырым. Таулы, сулы, шөлді аймақтардың барлығында шекара бөлімшелері қызмет атқарады. Барлық жерде шекара сенімді түрде қорғалады. Күдебаевқа келетін болсақ, ол Алматы облысы Кеген ауданы сотының шешімімен Қылмыстық кодекстің 392-бабына сәйкес қылмыстық жазаға тартылды», - деп түсіндірді Серік Ахметқалиев. 

Департамент басшысының орынбасары сұрағымызға нақты жауап берген жоқ. Десе де Қазақстанның территориясы өте үлкен екенін тілге тиек етті. 

Тегтер: