Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы!

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі дүркін әлем чемпионы атанды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) қолғап түйістірді. Финалдық жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Отандасымыз жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдық көрсеткен отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?