Санжар Тәшкенбай бокстан Әлем кубогындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында алғашқы кездесуін өткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз жарыс жолын ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде жапониялық Шодай Котоға қарсы айқасты.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?