Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соттың екінші отырысы өтті.

instagram.com/zhaksylyk_omar

Астана, NEGE. Сотта жарыссөз кезеңі басталды, деп жазады  YK-news.kz.

Прокурор жеңілдететін мән-жайлар ретінде Жақсылық Омардың бұрын сотталмағанын және жеті бала тәрбиелеп отырғанын ескеруді сұрады. Ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметші антын бұзуы аталды.

Мемлекеттік айыптаушы осы жайттарды ескере келе, оны 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.

Бұл ретте жәбірленуші шенеунікті бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Еске салсақ, 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталған болатын. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің аса ірі мөлшерде алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара алу баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталуда.

Экс-әкім сотта кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушылары сотта бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ туыстарының айыппұл төлеуге қажетті соманы жинап қойғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді