Прокурор марқұм Айзат Жұманованың күйеуін 15 жылға соттауды сұрады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.

NEGE

Алматы, NEGE. Прокурор сотта Айзат Жұманованың өліміне күдікті деп танылған күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады сұрады. Сондай-ақ жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуді ұсынды.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, бұл істе шешім қабылдау кезінде эмоцияға немесе қоғамдық қысымға емес, тек заң талаптарына сүйену маңызды. Сот тергеуі қылмыстық-процестік заңнамаға толық сәйкес жүргізілген, қорғау мен айыптау тараптарының құқықтарын жүзеге асыруына барлық жағдай жасалған.

 Істе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Ал сотталушының кәмелетке толмаған қызына қамқоршылық нағашы апасына берілгені айтылды. Сонымен қатар, айыптаушы тарап жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмыс жасалған сәтте сотталушының мас күйде болғанын көрсетті.

Алдыңғы сот отырыстарында куәлік еткен облыстық аурухана реаниматологы Мақсат Серікқанұлы Айзат Жұманованың реанимацияға өлім ауызында келгенін айтқан еді.

Айзат Жұманова сағат 02:35-те ауруханаға жеткізілген. Қабылданған реанимациялық шараларға қарамастан, сағат 03:05-те өлімі тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті