2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Талдықорғандағы атышулы іс: Айзат Жұманованың соңғы сәттерінің видеосы жарияланды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.

Айзат
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында марқұм Айзат Жұманованың ауруханаға жеткізілген сәті түсірілген видео көрсетілді. Видеодан Айзатты күйеуі Айбар Жанболаттың ауруханаға ауыр жағдайда әкелгенін көруге болады.

Алдыңғы сот отырысында куәлік еткен облыстық аурухана реаниматологы Мақсат Серікқанұлы Айзат Жұманованың реанимацияға өлім ауызында келгенін айтқан еді.

«Протоколды тіркеген кезде науқастың бірнеше жарақаты бар екенін көрсеттім. Реанимациялық бөліміне науқастар ауыр немесе аса ауыр жағдайда түседі», – деген еді дәрігер.

Айзат Жұманова сағат 02:35-те ауруханаға жеткізілген. Қабылданған реанимациялық шараларға қарамастан, сағат 03:05-те өлімі тіркелген.

Сондай-ақ бүгін Айзат Жұманованың өліміне күдікті деп танылған күйеуі Айбар Жанболаттан жауап алынды. Ол марқұм жұбайының ата-анасынан кешірім сұрағанымен, өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов