Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Алматы қалалық полиция қызметі актер Нұрғали Нұғманның бала күнінде туысқан ағасынан зорлық көргені туралы желідегі мәлімдемесі бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген барлық мән-жайды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

«Балаларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылық деректері бойынша мұндай өтініштер міндетті түрде құқықтық бағалауға жатады және ерекше бақылауда болады.

Фактілер расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін актер Нұрғали Нұғман бала күнінде туыс ағасынан зорлық көргенін айтқан еді. Айтуынша, оқиға бірнеше жыл бұрын, «Балапан» телеарнасына арналған жобаның түсірілімі аяқталғаннан кейін продюсер ағасының жұмыс кабинетінде болған. Оның сөзінше, бұл жағдай психологиялық тұрғыда ауыр соққы болып, өміріне кері әсер еткен. Тіпті ол өзіне қол жұмсамақ болған.

«Балапан» телеарнасының өкілдері оқиғаға арна қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 2010 жылы ашылған арнада ер адамдар продюсер қызметін атқармаған.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Нұрғали Нұғманның әңгімесінің шынайылығына күмән келтірді. Күмән тудырған жайттардың бірі оның досы, контент-креатор Асанәлі Құрманғазы жариялаған стористер болды.

Қазір оқып жатыр

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты