USD
USD
USD

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Әлеуметтік желіде актер Нұрғали Нұғманның «продюсер тарапынан зорлық көргені» туралы мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр.

.
Фото: Нұрғали Нұғман

Астана, NEGE. Бала кезінде «Балапан» жобасына қатысып, көрерменге танылған актер бұл туралы өз парақшасында ашық жазды.

Оның айтуынша, өнерге келуіне туысы – сол жобада продюсер болып жұмыс істеген ағасы көмектескен. Алайда кейін дәл сол адам тарапынан зорлық көргенін айтқан. Нұрғалидің сөзінше, оқиға түсірілім аяқталғаннан кейін жұмыс кабинетінде болған.

«Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Нұрғали, егер де сен бұл нәрсені үйдегілерге не басқа біреуге айтсаң, алдағы уақытта ешқандай киноға, ешқандай сериалға түспейсің” деді», – деп еске алады жас жігіт.

Қазір Қытайда саудамен айналысып жүрген Нұрғали Нұғман бұл жағдайды ұзақ уақыт бойы ешкімге айтпағанын жеткізді. Оның сөзінше, болған оқиға психологиялық тұрғыда ауыр соққы болып, өміріне де әсер еткен. Тіпті өзіне қол жұмсамақ болған.

Енді ол бұл жайтты жария түрде айтып, үнсіз қалмайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

Алғашқы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жетті

Құрылтай сайлауы

Бірқатар өңір жылыту маусымына әлі толық дайын емес

ауа