Павлодарда ерлі-зайыпты интернет алаяқтарға көмектесті деген күдікке ілінді

Жалдамалы пәтерде 5 SIM box құрылғысы табылды.

Полиция

Алматы, NEGE. Оның әрқайсысында 8 SIM картадан орнатылған. Құрылғы көмегімен интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абонент нөмірлері тіркелген.

Бұдан басқа 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 SIM картасы тәркіленді.

Ерлі-зайыпты апта сайын құрылғылардағы SIM карталарды ауыстырып отырған.

«Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр