Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиаласының жартылай финалына шықты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар, деп жазады Olympic.kz.

Тұрар Қазанғапов

Алматы, NEGE. 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын.

Тартысты матчта төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды.

Айта кетелік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев ( 92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?