Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу барысына түсініктеме берді.

Отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Әділов қазіргі уақытта кісі өлтіру фактісі бойынша белсенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Жәбірленуші тарап Нұрайдың күдіктінің үйіне әкелінген кездегі жанында болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді талап етуде. Сонымен қатар біз толықтай тексеріп жатқан басқа да бірқатар жайт бар», – деді Әділов.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешкілік Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбай есімді қызды танысы 11 жерінен пышақтап өлтірген.

Адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті 13 қаңтарда Шымкенттен он шақырым жерден ұсталып, қамауға алынды.

Осы оқиғадан кейін құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін қалалық полиция департаменті бастығы және оның бірінші орынбасары, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, ол Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген.  Кейін күдікке ілінген жігіттің ақыл-есінің дұрыс екені мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды