Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі тағы да аукционға қойылды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі тағы да аукционға қойылды.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Бұған дейін, 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі аукционға қойылып, өтпей қалған еді. 

Үйдің бастапқы бағасы өзгеріссіз қалды – 1 883 338 958 теңге, кепілдік жарна – 117 960 000 теңге.

Фото: e-qazyna.kz

Нұра ауданындағы жертөлесі бар екі қабатты зәулім үйді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатып жатыр. Тиісті лот E-Qazyna электронды сауда алаңының сайтында жарияланған.

Екі қабатты үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Үйдің жанында әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі бар, олардың біреуінде гараж орналасқан. Үй мүлікпен бірге сатылады. 

Фото: e-qazyna.kz

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді