USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған үйі өтпей қалды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайы өтпей қалды.

Мәсімовтың үйі
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының иелігіндегі қымбат баспана бүгін күндізгі сағат 10:00–де аукцион арқылы сатылу керек болған. Электронды сауда алаңындағы лот сипаттамасында «аукцион өткен жоқ» деп жазылған.

«Нысан бойынша аукцион басталған уақытқа тіркелген қатысушы жоқ», – деп жазылған лоттың сипаттамасында.

Нұра ауданындағы жертөлесі бар екі қабатты зәулім үйді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатып жатыр. Тиісті лот E-Qazyna электронды сауда алаңының сайтында жарияланған.

Екі қабатты үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Құны – 1 883 338 958 теңге деп бағаланған. Сонымен қатар әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге көлемінде кепілдік жарнасын төлеуі қажет. 

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу