ЛОР-сурдолг дәрігер: Кереңдіктің бірден-бір себебі – тұқымқуалаушылық
Күн өткен сайын есту қабілетін жоғалту мүгедектіктің кең тараған түріне айналып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде 432 000 000 адам құлақ мүкістігне шалдыққан, соның ішінде 30 000 000-ға жуығы – балалар. Осы мәселе төңірегінде тілшіміз Астана медицина университетінің ЛОР аурулары кафедрасының Phd доктаранты, 1-санатты лор-сурдолог дәрігер Әсел Құдайбергеновамен сұхбаттасты.