«Құдай жазалады», «анамды құттықтаймын»: 2025 жылы мемге айналған шенеуніктер

2025 жыл қазақстандықтардың есінде елеулі оқиғалармен, саяси шешімдермен ғана емес, шенеуніктердің мемге айналған мәлімдемелерімен де есте қалды.

NEGE

Биыл кейбір лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері қоғамда әп-сәтте қызу пікірталас туғызып, күлкі мен кекесінге толы мемге айналса, енді бірінің айтқан сөзі халықтың ашу-ызасын тудырып жатты. Ендеше, 2025 жылы аңдамай сөйлеп, қоғам назарын аударған шенеуніктер кімдер? 

«Анамды туған күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз»

2025 жылы қоғам назарында болған тұлғалардың бірі депутат Ардақ Назаров еді. Мәжіліс отырысында ол анасын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтауға рұқсат сұрап, жұртшылықтың қызу талқысына ілікті. Халық қалаулысының бұл әрекетін біреулер орынсыз десе, енді бірі түсіністікпен қабылдады.

«Осында отырған барлық азаматтың артында әлемнің жарығын сыйлаған аналар тұр. Менің анашымның бүгін туған күні еді, 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіз. Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің мейірімге толы жүрегіңіз бен жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім... Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін..!», – деп еді Назаров.

Әлеуметтік желіде Ардақ Назаровқа қатысты мемге айналған видеолар мұнымен шектелмеді. Бұған дейін назардан тыс қалған осы мазмұндағы бірнеше бейнежазба қайта тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Мысалы, «Қазақтың жұдырығы», «Майк Тайсон UFC көрмейтіндерді нағыз жігіт емес деп айтты» деген секілді видеолар. 

2025 жылы Ардақ Назаров ажырасатын жұптарға салық салу туралы ұсыныс айтып, тағы да қоғам назарын аударды. Депутат ажырасуға өтініш қабылдар алдында біржақты арыздарға жоғары мөлшерде мемлекеттік баж енгізуді, сондай-ақ ажырасқан азаматтарға салынатын табыс салығын кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастама да жұртшылық арасында қызу пікірталас тудырды.

«Азық-түлікке айына 50 мың теңге жұмсайтын шығармыз»

Ал мамыр айында Ардақ Назаров өз отбасы азық-түлікке айына 50 мың теңгеге дейін қаражат жұмсайтынын айтып, «картопты жарғаны» бар. 

«Ет ауылдан келеді. Ал енді азық-түлікке көп ақша жұмсамаймыз, өйткені біз көп тамақ жейміз деп айта алмаймын. Қарапайым дастарқан, нанымыз бар, шәйіміз бар. Енді жақсылап алатын болсақ, 30-50 мың теңге айналасында шығар», – деген еді депутат.

Алайда оның бұл айтқанына халық келіспеді. Желі қолданушыларының айтуынша, қазір 50 мың теңге дүкенге бір кіргеннен артылмайды.

Биыл Ардақ Назаровтың әрбір сөзі әлеуметтік желіде мемге айналып, шенеуніктер арасында көш бастады. Дегенмен, басқа лауазымды тұлғалар арасында да «айтылған сөзі атылған оқтай» әсер етіп, халықтың қызу талқысына түскендер де болды. Енді солардың не айтқанын тағы бір мәрте еске түсіріп көрелік. 

«Азық-түлік бағасын білмеймін»

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов азық-түлік бағасы қанша екенін білмейтін болып шықты. 

«Айта алмаймын. Үйдегі шаруаны әйелім атқарады. Мен дүкенге бармаймын. Азық-түлікті әйелім алып келеді. Менің банк картамның көшірмесі соның қолында. Сол себепті өзі еркін барып, керек-жарақты алады. Қанша ақша жұмсалатынын қадағаламаймын... Егер өз жарыңа сенбесең, ол қандай отбасы?» – деген еді Шолпанқұлов журналистерге.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының бұл сөзі жұртшылықтың «жағасын ұстатты». Азық-түлік бағасы мен инфляцияны бақылауға тиіс лауазымды тұлғаның күнделікті шығыннан бейхабар болуы қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады.

«Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім»

Каникулдан оралған депутат Ермұрат Бапи журналистерге Шығыс Қазақстан, Семей мен Алматы облыстарына жасаған сапарында қымбатшылықтан қатты қиналып отырған елді байқамағанын айтып қалғаны бар.

«Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме қай жерде болсын бар. Бірақ мен Шығыс Қазақстанда, Семейде, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Сондай қатты бір қиыншылыққа тап болған халықты көрген жоқпын», – деді Бапи.

Видео әлеуметтік желілерде жылдам тарап, жұртшылық оны кемсітушілік ретінде қабылдады. Көпшілік облыс әкімінің орынбасарына сөгіс жариялап, ел алдында кешірім сұрауын талап етті. Қоғамдық резонанстан кейін Есболатов халықтан кешірім сұрап, сол сәтте ойын дұрыс жеткізе алмағанын алға тартты.

Алайда депутаттар Талғарда мүгедектігі бар адамдарды қорлаған әкім орынбасарын қызметтен босатуды талап етті. Олардың айтуынша, мұндай сөздер үшін жай кешірім сұрау жеткіліксіз.