Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

Қазақстан Ресейден жеткізілген мұнайды өз мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. 

anpz.kz

Астана, NEGE. Reuters ақпаратынша, өңделген өнімнің бір бөлігін Қазақстанның ішкі нарығында сатып, қалғанын Ресейге жөнелту жоспарланған.

Алайда әзірге қанша мұнай өңделетіні, өңдеу шарттары және келіссөзге қатысып жатқан мұнай өңдеу зауыттары туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен жүк жөнелту орындарын нарық қатысушылары өздері анықтайтыны мәлім.

Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына украиналық дрондардың жасаған бірнеше шабуылынан кейін елдің бірқатар өңірінде жанармай тапшылығы сезілуде.

Еске салсақ, 30 шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданында мұнай тасымалдайтын екі танкерге дронмен шабуыл жасалғанын растады. Министрлік мәліметінше, Nissos Sifnos танкеріне жасалған шабуыл кезінде мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.

Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесіп, Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады