USD
USD
USD

Энергетика министрлігі КҚК терминалында екі танкерге шабуыл жасалғанын растады

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданында мұнай тасымалдайтын екі танкерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді.

Nissos Sifnos
Фото: marinetraffic.com

Астана, NEGE. Министрлік ақпаратынша, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Дрон шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылған.

Соққы салдарынан танкерде өрт шыққан. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілген.

Бұдан бөлек Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6–7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. 

Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесіп, Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады. Алайда ведомство келіссөздің қай бағытта өрбігенін ашық жариялаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі