USD
USD
USD

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.

мұнай тасымалы
Фото: cpc-online

Астана, NEGE. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөз барысында негізгі тақырыптың бірі Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдай болған. Ведомство өкілдері қос тараптың нақты қандай шешімге келгенін жариялаған жоқ.

Сондай-ақ екі елдің ресми өкілдері кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа жоспарланған сапарына дайындық барысын талқылаған.

Айта кетейік, соңғы айларда Каспий құбыр консорциумы инфрақұрылымына бірнеше рет дронмен шабуыл жасалды. 

Консорциум Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыты болып саналады. Елдің жалпы мұнай экспортының шамамен 80%-ы осы құбыр арқылы тасымалданады.

Сонымен қатар бұл құбырмен тасымалданатын мұнайды өндіруге Chevron мен ExxonMobil сынды ірі америкалық компаниялар қатысады.

Chevron «Теңізшевройл» компаниясының 50%-ына иелік етеді. ExxonMobil компаниясы да оның акционерлерінің бірі. Екі компания да Қашаған кен орнын игеру жобасына қатысады.

Сондықтан Каспий құбыр консорциумы жұмысындағы кез келген іркіліс мұнай экспортына, өндіру көлеміне және америкалық инвесторлардың табысына тікелей әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі