Қазақстан «Лукойлға» салынған санкциялардың әсерін азайтпақ

Қазақстан ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясына салынған санкциялардың әсерін азайту үшін жұмыстар жүргізіп жатыр, деп жазады LS басылымы.

sk.kz

Астана, NEGE. «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов «Лукойлдың» Қазақстандағы активтері жайлы жағдайды баяндады.

«Біздің кеңесшілер осы компанияға енгізілген санкциялардың ықтимал теріс әсерін азайту және теңестіру үшін жұмыс істеп жатыр. Жұмыс жалғасады және ол үнемі жүргізіледі. Біз оны тоқтатпаймыз, себебі жаңа мәліметтер пайда болып отырады, ал біздің тиісті бөлім жағдайды бақылауда ұстайды», – деді ол.

АҚШ үкіметі Қазақстандағы «Лукойлдың» кейбір жобаларын санкциялардан босатқан.

«Бұл – Теңіз, «Қарашығанақ Петролеум Опереейтинг» және КҚК жобалары. Бірақ біз «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» тобы үшін ықтимал теріс салдарды азайту және теңестіру мақсатында жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстаймыз», – деді Жақыпов.

Айта кетейік, қазан айында АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясын санкциялардың жаңа пакетіне қосты. Кейінірек «Лукойл» өкілдері өзінің шетелдік активтерін сатуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады