2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Кеңес хатшылығы қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына берілетінін хабарлады. 

Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Қайырымдылық бастамасына бизнес өкілдерінен Кеңестің 17 мүшесі қосылды. Атап айтқанда:

  • Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев – әрбір отбасына 25 млн теңгеден;
  • Integra Construction KZ бас директоры Шахмұрат Мүтәліп – әрбір отбасына 25 млн теңгеден;
  • SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев – 100 млн теңге;
  • Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге;
  • Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев – 10 млн теңгеден;
  • Геннадий Зенченко, Акбаржон Исмаилов, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов – 5 млн теңгеден;
  • Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев – 1 млн теңгеден бөледі.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынып, 12 сараптама тағайындалған.