«Қазақмысты» сатып алуға шетелдік компания қаржы бөледі – Bloomberg

Швейцариялық Mercuria Energy Group Ltd. Қазақстандағы ірі мыс өндірушілердің бірі – «Қазақмысты» сатып алуды қаржыландыру үшін 1,2 млрд доллар бөледі. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

kazakhmys.kz

Астана, NEGE. Ақпарат агенттігінің дерегінше, қаржыландыру мерзімі сегіз жылға есептелген. Алғашқы төрт жылда Mercuria Energy Group Ltd. жыл сайын 200 мың тонна мыс катодын алып отырады, кейін өндіріс көлемінен үлес алатын болады.

Мәміленің нақты сомасы жарияланған жоқ, тараптар ресми түсініктеме бермеді.

Бұған дейін Лондон қор биржасында тіркелген ірі компаниялардың қатарында болған «Қазақмыс» қазір Qazaq Acquisition Corp. арқылы Нұрлан Артықбаевтың бақылауында. 

Ал жуырда Qarmet-те қызмет атқарған Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан