«Қайрат Сатыбалды әскери колледжде дәріс оқыған»: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін істі болған Қайрат Сатыбалдының министрлікке қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде курсанттармен кездесіп, дәріс оқыған деген ақпаратқа пікір білдірді.

Kaspi bank баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, осы іс-шарадан кейін колледж басшысы жұмыстан шығарылған.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды колледждің қырық жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараға оқу орнының түлегі ретінде қатысқан. Мерейтойлық іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі араласпаған, оны түлектердің өздері ұйымдастырған.

Осы орайда журналистер вице-министрден жемқорлық бойынша айыпталған азаматтың курсанттарға дәріс оқуы қаншалықты орынды екенін сұрады. Сұраққа жауап берген Дархан Ахмедиев Қайрат Сатыбалдының курсанттарға дәріс оқығаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарды.

«Ол дәріс оқыған жоқ, оқымайды да. Ол дәріс оқуы үшін профессорлық-оқытушылық құрамда болуы керек», – деді Дархан Ахмедиев кулуарда.

Таяуда Қайрат Сатыбалдының Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде өткен іс-шарада бой көрсеткенін жазған едік. Ол колледж курсанттарымен кездесіп, ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысқан.

Айта кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-қызметкері Қайрат Сатыбалды 2022 жылы аса ірі көлемде қаржы жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті иемдену күдігімен ұсталды. Кейін сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда 2024 жылы оның жазасы жеңілдетіліп, жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сондай-ақ ол заңсыз шығарылған 732,8 млрд теңгені мемлекетке қайтарып, Қазақстан халқынан және Мемлекет басшысынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

«Дәмханаларда ит етінен тағам әзірленген»: Депутат ІІМ-ге жүгінетінін мәлімдеді