Ғажайып Өтемұратов. ForteBank акцияларының қызу саудасы НЕГЕ күдік тудырды?
Қазақстан қор биржасында сатылымда жүрген «ForteBank» акционерлік қоғамының жай акциялары соңғы жарты жылда екі есе қымбаттап, осы аптаның ортасында бір акцияға 20,02 теңгеге дейін жетті. Бір қызығы, биржалық айналымдағы 9,07 пайыз акциялардың жиі саудаға түсуі «ForteBank-ті венгерлік OTP Group сатып алады» деген қауесеттердің фонында орын алып отыр.