Ерғали Шамей Паралимпиада ойындарының алтынына таласады

Ерғали Шамей, J1 санатында 73 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, пара дзюдодан финалға жолдама алды.

gov.kz

 Алматы, NEGE. Жартылай финалда ол Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, пара жүзуден S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Сиязбек Дәлиев те Паралимпия ойындарының финалына шықты.

Пара жүзуден әйелдер арасындағы S4 санатында еркін стильде жүзуде Зүлфия Ғабидуллина 42.85 уақыт көрсеткішімен финалға жолдама алды. 

Сонымен қатар, Жаңыл Балтабаева мен Бейбарыс Сыпатай да жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстан қоржынында қазір 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?