USD
USD
USD

Жаңыл Балтабаева мен Бейбарыс Сыпатай жартылай финалға шықты

Жерлестеріміз пара каноэден 200 метр қашықтықта іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Бейбарыс Сыпатай
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жаңыл Балтабаева 200 метр қашықтықта VL3 санатында сынға түсіп, 1:04.72 нәтижесімен іріктеуден өтті. Енді ол 7 қыркүйек күні Астана уақытымен 13:49-да жартылай финалда өнер көрсетеді. Бейбарыс Сыпатай KL2 санатында 200 метр қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен жүріп өтті.

Оның жартылай финалы да 7 қыркүйекте Астана уақытымен 13:14-де өтеді.

Сонымен қатар, пара жүзуден S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Сиязбек Дәлиев аталған қашықтықты 36.42 секундта бағындырып, финалға жолдама алған болатын. 

Қазақстан қоржынында қазір 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі