Данияр Елеусіновтің рингке оралатын күні белгілі болды

Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралатын күн белгілі, деп хабарлайды Prosports.kz

QazSport

Алматы, NEGE. Бұл туралы AllStarsBoxing президенті Зия Алиев өзінің инстаграм парақшасында жариялады

Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) ақпан айында төменде көрсетілген үш үміткердің бірімен рингке шығады:

– Тулани Мбенге (21-2, 15 KO), Оңтүстік Африка;

– Крис Конго (15-2, 7 KO), Британия;

– Габриэль Маэстре (6-1-1, 5 KO), Венесуэла.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет қыркүйек айында Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жекпе-жек өткізді. Бесінші раундтан кейін филиппиндік жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.