25 декабря 2025 г. 15:59
Damumed операторына 286 млн теңге айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-на қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Алматы, NEGE. Тексеру барысында компанияның қызметтеріне негізсіз жоғары баға белгілегені анықталды.
«Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды», - делінген хабарламада.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Мекеме айыппұлды толық көлемде өтеді.