26 октября 2022 г. 15:39

Бүкіл халық Тоқаевтың маңайына топтасады

Фото:

Сонымен, 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Үміткер болуға ниет білдірген 12 кандидаттың алтауы ғана талаптарға сай болды. Қазір елде кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттің болашағына қатысы бар ірі шешімдер атүсті қабылданбайтыны белгілі. Биыл күзде Президент, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады. Кейін Үкімет те жаңарады немесе қайта жасақталады. Бұл – мемлекет тарихында алғаш рет болып отырған оқиға. Сондай-ақ, бұл – саяси мәдениеттің – ашықтықтың үлгісі, дәстүрі, үрдісі. Екіншіден, биыл президент сайлауының өтуі – барлық билік институттарының жаңаруының басы деуге болады. Халық қолдаған саяси реформаларда Президенттің, Парламенттің құзыретіне және Үкіметке, қоғамдық институттарға байланысты мәселелердің барлығы қамтылды. Енді барлығы жаңа жағдайда жұмыс істеуге көшеді.

Бұл тұрғыда Мәжіліс төрағасы Ердан Қошанов: «Кезектен тыс Президент сайлауы референдумда халық қабылдаған заңның жалғасы деп есептеу керек. Саяси реформаларды қабылдағанннан кейін, барлық саяси институттар да жаңару керек. Оны қоғам да талап етіп отыр. Президенттің, Мәжіліс пен Сенаттың да арасындағы өкілеттік те өзгерді. Конституциялық сот сияқты көптеген жаңа саяси инстутттар пайда болды. Барлық жүйе жаңғырып жатқан кезде президент соны өзінен бастауды ұйғарды», – деген еді.

Ерлан Қошановтың айтуынша,президенттік басқару формасындағы Қазақстан үшін Президенттің қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық мерзімге сайлануы бұл өте қажетті әрі маңызды норма. «Ол ел дамуының либералдық бағытын күшейтеді және президент реформаларына толық сәйкес келіп отыр. Бұл суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі арылуға мүмкіндік береді» деп түйіндеді.

Мәжіліс Төрағасы 7 жыл қолға алғанреформаларды іске асыру үшін жеткілікті уақыт деп есептейді. «Егер Президент қазір 5 жылға сайланса, содан кейін Конституцияға 7 жылдық президенттік мерзім туралы түзетулер енгізілсе, онда сайланған Президентке тағы да 7 жылдық мерзімге қайта бару үшін құқықтық мүмкіндік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан осы құқықтық қайшылықты жою үшін депутаттар Конституцияға қазірден бастап өзгерістер енгізуді және алдағы сайлауды қайта сайлану құқығынсыз 7 жыл мерзіммен өткізуді ұсынды.

Қазір халық коалиция тарапынан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың маңайына топтасуға ниетті. Себебі, президент әр жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға құлшына кіріскен. Оның сайлауалды бағдарламасы да түсінікті, жатық тілде жазылған. Елдегі шешімін таппай отырған нақты мәселелер мен түйткілдер де айқын көрініс тапқан. "Еститін мемлекет" форматы да осы бойынша жұмыс істеуге дайын. Енді мәселені түпкілікті шешу алдағы жеті жылға сайланатын президенттің құзырында. 

Жанарбек Әшімжан, Парламент мәжілісінің депутаты:

Жеті жыл – кез келген сайлауалды бағдарламагы мүлтіксіз орындауға жеткілікті мерзім

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің мандатын қайта сайлау құқығынсыз, 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама ел арасында, сарапшылар ортасында және әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Түрлі пікірлер туындады. «Президент бес жылға бір, сосын жеті жылға бір рет қайта сайлана ма?» деген сұрақтар да болмай қалған жоқ. Жалпы, республика жұртшылы­ғы бұл ұсынысты негізінен ізгілікті демократиялық қадам деп бағалап, қолдады. Алайда, жасыратыны жоқ, «бұл өзгерістер таяу мерзімде жүзеге аспайды» деушілер де болды.

Күдік пен сенімнің тайталасы болғандықтан, Парламент Мәжі­лісінің депутаттары президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс енгізді, ол жаңа үлгі бойынша президентті екінші мерзімге қайта сайлау құқығынсыз, 7 жылдық бір мерзімге сайлау тәсілімен өтеді.

Сол себепті Конституцияға президент сайлауы өткеннен кейін емес, оған дейін тиісті өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде жоғарыда айтылған мәсе­лені құқықтық жолмен реттейді. Осылайша, президенттік өкілеттіктің жалпы мерзімі екі мерзімнен бір мерзімге, яғни 10 жылдан 7 жылға дейін қысқарады.

Президенттік мерзімнің бір рет қана болуы Конституцияның жаңа ережелерінің өзгермейтіндігін белгілеумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Консти­туциясы 91-бабының 2-тарма­ғында белгіленген мемлекеттің тәуел­сіз­дігінен, республиканың біртұ­тастығы мен аумақтық тұтастығынан, оны басқару нысанынан басқа, қайта сайлау құқығынсыз бір реттік 7 жылдық президенттік мерзім туралы жаңа норма қосылады, ол тиісінше Конституцияның өзгермейтін прин­циптері болып қалады.

Президенттік лауазым – ең алдымен ұлы жауапкершілік. Бүкіл халықтың, тұтас мемлекеттің тізгінін ұстайтын тұлға білімді, білікті болуымен қатар аса үлкен жауапкерші­лікті сезінуі шарт. Сөз бен іс үйлесуі керек. Жеті жыл – кез келген мемлекет басшысы үшін сайлауалды бағдарламасын мүлтіксіз орындауға жеткілікті мерзім.

Тегтер: