Бақыт Сейдіш бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Финалдық жекпе-жегінде Бақыт Сейдіш жеңіске жетіп, 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Шешуші кездесуде Сейдіш өзбекстандық Ойши Таировадан басым түсті.

Өкінішке қарай, Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) финалда жеңіліп қалды. Ол қытайлық Цзии Баоға есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева чемпион атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?