Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Атырау қалалық полиция басқармасының жаңа басшысы болып Айдар Қасанов тағайындалды. 

instagram.com/aidar.kasanov

Астана, NEGE. «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, Айдар Қасанов – ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкері

Ол еңбек жолын Жаңаөзен қаласында тергеуші болып бастап, кейін түрлі тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған. Кейін басшылық лауазымдарға көтеріліп, 2019 жылы Жаңаөзен қалалық полициясын басқарды. Одан соң Ақтауға ауысып, облыс орталығында жұмысын жалғастырған.

Айта кетейік, Айдар Қасанов жақында келеңсіз себептермен қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған Бақтыбек Исаевтың орнына келді. ІІМ мәліметінше, Исаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілгенін жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды