USD
USD
USD

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

ІІМ мәліметінше, жоспарлы қызметтік тексеру барысында Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаевтың «заңға қайшы әрекеттері» әшкереленген.

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство өкілдері Исаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Белгіленген тәртіппен ол ішкі істер органдарынан жағымсыз себептермен қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Мұндай шешім Ішкі істер министрі жүргізіп отырған ұстанымды саясат аясында қабылданғаны атап өтіледі. Бұл саясат қызметтік тәртіп пен заңды бұзғаны үшін, атқарып отырған лауазымына қарамастан, жауапқа тартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілгенін жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы