Алматыда жер сілкінді: Қалада дабыл қосылып, тұрғындар сыртқа шығып жатыр

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді. 

NEGE

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі туралы хабарлама алған алматылықтар ғимараттардан сыртқа шығып жатыр.

Фото: NEGE

Жер дүмпуінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқан. Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жерасты дүмпулері Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты.

Есептік қарқындылығы:

Алматы қаласы – 3 балл;

Алматы облысының аумағында – 2-3 балл;

Жетісу облысының аумағында – 2 балл;

Жамбыл облысының аумағында – 2 балл.

«Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр», – делінген министрліктің хабарламасында. 

Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесінің істен шығуына байланысты жауапты шенеуніктер жазаланғанын жазғанбыз

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады